STARIA-ға бір қарағаннан-ақ бұл автокөлікті қазір бар кластардың ешқайсысына жатқызуға болмайтынын түсінуге болады. Бұрыннан белгілі автомобильдерге ұқсамайтын бұл бірегей көлік құралы — оны жасаушылардың шабытының нәтижесі. Кең және жарқын салон Сізді көзге ұнамды және ұстағанда жағымды цифрлық панель мен талғампаз материалдар сияқты сәнді бөлшектерімен қарсы алады.
8 орынды модельдің әр сантиметрі салондағы кеңістікті оңтайлы пайдалану үшін жасалған. Жүргізуші мен жолаушылар өздерін жайлы сезінеді. Қосымша қауіпсіздік үшін барлық 8 орынды автомобильдер реттелетін бас сүйегіштермен және 3 нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған.
Төменгі терезе астындағы сызық салонға көбірек жарық түсіруге мүмкіндік береді және ашық кеңістік сезімін тудырады. Панорамалық терезені қосыңыз және әдемі көріністерден ләззат алыңыз.
Биік төбенің арқасында салонның жоғарғы жағындағы қозғалыстарыңызға ештеңе кедергі болмайды. Көліктен оңай түсу үшін басқыштың биіктігі азайтылған.
Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.