Әрқашан алда.

Кейде керемет жаңалық ашу үшін кездейсоқ жолға бұрылсаңыз жеткілікті. Қызықты оқиғаларға әуес және әлі де бастан кешірмегенді сезініп көргісі келетін барлық автоәуесқойлардың назарына Hyundai компаниясы үйреншіктіліктен қашу үшін мінсіз автомобиль — Palisade жаңа моделін ұсынады. Palisade-тың батыл дизайны жалпы фонда ерекшеленуден қорықпайтын және күнделікті өмірден көңіл бөлу үшін қызықты сапарға барғысы келетіндерге ұнауы тиіс. Palisade жаңа моделінде инновациялық интеллектуалды функциялардан бастап ішкі кеңістік сегментіндегі ең үлкеніне дейін шексіз көптеген тосынсыйлар бар.

Әрқашан алда.
Қарапайым сапарларға стиль қосыңыз.

Алда қызу күн күтіп тұр: баланы мектепке апарып, алып кету, фитнес-клубқа бару, достарымен түскі ас ішу, дүкенге соғу. Істейтін іс көп, бірақ уақыт аз... Әдеттегі сапарларды жарқын және ұмытылмас ететін Palisade моделі көмекке келеді. Қауіпсіздік, жайлылық және ыңғайлылық: біз көлік жүргізуді мүмкіндігінше жеңіл ету үшін барлық егжей-тегжейді ойластырдық. Palisade сізді көптеген уайымдардан арылта отырып, демалуға және маңызды мәселелерге зейін қоюға мүмкіндік береді.

Қарапайым сапарларға стиль қосыңыз.
Осы уақытты есіңізде сақтаңыз.

Ауыр күн артта қалды. Достарыңызды жинап, Palisade-қа отырып, ерекше жерге барыңыз. Мұндай сапарлар ұзақ уақыт есте қалады, ал Palisade оларды шындыққа айналдыруға көмектеседі. Жолаушылар саны мен багаждың көлеміне қарамастан Palisade жаңа моделі жайлы және жеңіл сапарға кепілдік береді.

Осы уақытты есіңізде сақтаңыз.
Технологиялық толықтық.

Palisade көптеген таңғажайып интеллектуалды шешімдерге толы. Олардың ішінде — автоматты түрде ашылып қана қоймай, сонымен қатар ашылу және жабылу жылдамдығын, сондай-ақ көтеру биіктігін реттеуге мүмкіндік беретін электр жетегі бар багаж бөлімшесінің есігі. Егер сіз көлікті тұраққа қойғаннан кейін балаңызды немесе үй жануаррын салонда кездейсоқ қалдырсаңыз, артқы орындықтарда жолаушылардың болуы туралы еске салу жүйесі сізге ақырындап сигнал береді. Басынан аяғына дейін ойластырылған — бұл Palisade туралы.

Технологиялық толықтық.
Тазалық пен жаңашылдық.

Дизайны айқын және заманауи сызықтармен жасалған салон ауаны тазарту технологиясымен толықтырылған. Шаң мен тозаң бөлшектерін ұстап қалудан бөлек, ол сонымен қатар автомобиль ішіндегі ауаны иондайды. Туннельге кіргеннен кейін бірнеше секунд ішінде Palisade қоршаған ауаның салонға енуіне жол бермеу үшін әйнекті автоматты түрде көтереді. Жаңа модельге салонда тіпті сыбырлап сөйлесуге мүмкіндік беретін екі қабатты әйнектер орнатылады. Автомобильдің айналасындағы кеңістіктің бейнесін көрсетуге болатын экранды бөлу функциясы бар диагоналы 10,25 дюйм сенсорлық дисплей оны пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді.

Тазалық пен жаңашылдық.

Узнать больше о Hyundai

Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.