Hyundai Qalqaman
г. Алматы, пр. Райымбека, 521/2
12 сәуір
Су жаңа Hyundai Santa Fe – енді Қазақстанда!

Жаңа кең және технологиялық қалалық Hyundai Santa Fe кроссовері Қазақстанда қолжетімді. Автокөлік Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan зауытында («Астана Моторсқа» кіреді) шығарылады.

«Су жаңа Santa Fe — қазақстандықтарға ұнайтын кроссовер. Бұл қалада көрнекті және мәртебелі болып көрінетін, қалааралық ұзақ сапарларды мінсіз жайлы етуге мүмкіндік беретін және жолсыздықта өзін сенімді сезінетін автомобиль», — деді Hyundai Auto Kazakhstan дистрибуциясының басшысы Марат Смағұлов.

Santa Fe құны 19 390 000 теңгеден 26 990 000 теңгеге дейін.

Автокөлік әртүрлі жиынтықталымдарда, сондай-ақ арнайы Calligraphy сериясында ұсынылған.

Шанақтың түстік гаммасы едәуір кеңейтілді – енді Santa Fe үшін 10 түс қолжетімді, олардың көпшілігі жаңа модель үшін арнайы әзірленген, мысалы, перламутрлы жасыл, сондай-ақ көз тартарлық мыс және қоңыр қызғылт сары.

 hyundai

Жаңа көрініс, жаңа тәжірибе

Жаңа Santa Fe-ні бір қарағаннан-ақ алдыңғы буын моделінен оңай ажыратуға болады – түзу сызықты шанақ әдемілікті, бруталдықты және премиумды сыртқы келбетті біріктіреді. Hyundai логотипіне сілтеме жасайтын массивті бамперлер мен Н-тәрізді фаралар пайда болды. Calligraphy сериясы проекциялық типтегі толық жарықдиодты фараларымен, радиатор торының және ауа тартқыштардың ерекше дизайнымен, қара анодталған эмблемаларымен және қара жылтыр жапсырмаларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ кеңейтілген түстік гаммасы және Nappa былғарымен тысталған салон.

Көліктің габаритті ұзындығы 45 мм-ден 4830 мм-ге дейін ұлғайтылды, дөңгелек базасы 50 мм-ден 2815 мм-ге дейін артты.

Қазақстанда Hyundai Santa Fe 4WD толық жетекті нұсқасында шығады. Таңдау үшін қозғалтқыштың екі нұсқасы бар: 194 а.к. және 246 Нм шығаратын Smartstream 2.5 GDI бензинді қозғалтқышы, 8 сатылы AT немесе оның Smartstream 2.5 T-GDI турбо нұсқасы – 281 а.к., 422 Нм, 8 сатылы DCT – роботтандырылған қос ілінісу қорабы.

 hyundai

Сыйымды премиум класты кроссовер көп саяхаттайтын және жайлылықты бағалайтын белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар үшін өте қолайлы. Жаңа Santa Fe-нің айрықша ерекшелігі – үлкен артқы есік, ол толығымен жоғарыға ашылып, көлікті кең террасаға айналдырады. Бұл ерекшелік екінші және үшінші қатардағы жолаушыларға арналған орындықтарды тегіс еденге бүктеу мүмкіндігімен бірге саяхаттаудың абсолютті жайлылығын қамтамасыз етеді.

Интерьерге ерекше көңіл бөлінді – ойластырылған дизайн, жоғары технологиялылық, салон конфигурациясының икемді мүмкіндіктері және функционалдылық тыныштандыратын және жайлы атмосфера жасайды.

hyundai

Жаңа Santa Fe бес, алты немесе жеті орынмен қолжетімді. 6 орынды нұсқада орындықтардың екінші қатары электр жетегімен басқарылатын релаксация режимі бар капитан креслоларымен жабдықталған. Үшінші қатардағы орындықтардың арқалықтары да шалқаяды.

Алдыңғы жолаушыларға да, артқы жолаушыларға да қолжетімді екі жақты көп консольді сақтау орны жолаушыларға ұнайтыны сөзсіз. Инновациялық конструкция әр жолаушыға заттарға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 hyundai

Қобдишаның жоғарғы жағында ультракүлгінмен дезинфекциялауға арналған науа бар – ұялы телефондарға, әмияндарға, балалар ойыншықтарына және басқа заттарға жарамды. Бұл функция бактериялар мен микробтардан оңай арылуға мүмкіндік береді, денсаулықты сақтауға көмектеседі. Айта кету керек, Santa Fe мұндай функцияны ұсынатын өз сегментіндегі жалғыз модель. Әдетте УК-стерилизаторлармен премиум класты автокөліктер жабдықталады.

hyundai

Жаңа Santa Fe-де белсенді қауіпсіздік жүйелері мен электронды көмекшілер кешені орнатылған: соқыр аймақтарды мониторингілеу жүйесі (BVM), айналмалы шолу жүйесі (SVM), артқы орындықтағы жолаушылар туралы ескерту жүйесі, алдыңғы соқтығысуды (FCA 2), сондай-ақ артқа жүру кезінде соқтығысуды болдырмаудың жетілдірілген жүйесі (PCA) қозғалыс жолағында ұстаудың екінші буын жүйесі (LFA 2), интеллектуалды круиздік бақылау (SCC).

Автокөлік жүргізушінің зейінін бақылайды, алыс жарықтан жақын жарыққа автоматты түрде ауыса алады, қашықтықтан тұраққа тұра алады, сонымен қатар ыңғайлы және апатсыз жүрудің басқа да опциялары бар.

 hyundai

Жаңа Santa Fe әрбір сапарды ерекше ете отырып, сенімділік пен шытырман оқиғаға деген құштарлықты тамаша үйлестіреді. Бұған бүгін көз жеткізуге болады – су жаңа Hyundai Santa Fe қалаңыздағы Hyundai дилерлік орталықтарында қолжетімді.

Толық ақпаратты hyundai.kz сайтынан және тәулік бойғы байланыс орталығының 7007 телефоны бойынша алуға болады.

Сайтта орналастырылған автомобильдердің ассортименті мен бағасы Компанияның офертасы (жария офертасы) болып табылмайды.